
Саламатов Темір Қайратұлы
Анықтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Саламатов Темір Қайратұлы 1993 жылғы 20 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Құқыққорғау органдарында 2010-2023 аралығында қызмет атқарып, Азаматтық қорғау органдарында 2023 жылдан бастап қызметін жалғастырған.
Еңбек жолын 2014 жылы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы ІІБ-де тергеу бөлімінің меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бойынша тергеушісі лауазымынан бастаған.
2023-2024 жылдар аралығында Ұлытау облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасында тергеуші қызметін атқарған.
2024 жылы 23 мамырдан бастап Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Анықтау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы лауазымына ауысқан.
2024 жылдың 06 желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Анықтау бөлімі бастығының міндетін атқарып келеді.

