Темірбеков Мағжан Мырзатайұлы
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны
Өмірбаян
Темирбеков Магжан Мырзатаевич 1989 жылғы 05 наурызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2011 жылы бастаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 жасақ № 44 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автомобильдері жүргізушісі лауазымынан бастаған.
2022 жылы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 жасақ № 18 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымында қызмет атқарған.
2022 жылы Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ кадр және тәрбие бөлімінде бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2023–2025 жылдары Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық жұмыстарды ұйымдастыру басқармасында бас маман лауазымында қызмет атқарған.
2025 жылғы 14 маусымнан бастап Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.


