Шайхин Руслан Амиржанович

    Техникалық нормалау бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

    Шайхин Руслан Амиржанович
    Бастық

    Шайхин Руслан Амиржанович

    Техникалық нормалау бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

    Өмірбаян

    Шайхин Руслан Амиржанович 1989 жылғы 22 тамызда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.
    Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2012 жылы бастаған.

    Еңбек жолын 2012 жылы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Жезқазған қаласы «ӨСжАҚЖҚ» ММ 2-отрядының 43-жеке өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі лауазымынан бастаған.

    2016–2019 жылдар аралығында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері лауазымында қызмет атқарды.

    2019–2022 жылдары Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері лауазымында қызмет атқарды.

    2022–2024 жылдары Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында бас маман лауазымында қызмет атқарды.

    2024–2026 жылдары Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында бас маман лауазымында қызмет атқарған.

    2026 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері