
Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы
Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Әр жылдары облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, қала прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокуратурасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Жаңақорған және Шиелі аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы маусым айынан бастап Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Аға әділет кеңесшісі» сыныптық шеніне ие.
Қызметтегі жетістіктері үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен, I және II дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілерімен, I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Үлгілі қызмет атқарғаны үшін Бас Прокурор мен облыс прокурорының грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі — 21 жылдан астам.


