
Өмірбаян
ОжаровРизабекКәрімұлы
Ожаров Ризабек Кәрімұлы 1972 жылы Алматы облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын бітірген.
Аға әділет кеңесшісі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.
Мансап
1996 – 2017 жылдар аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінде, орталық аппаратта департамент бастығының орынбасары қызметінде еңбек еткен.
2017 жылдың қараша айынан бастап ҚР Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың қаңтарынан Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған.
2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР Бас прокуратурасының
Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарды.
2024 жылдың қаңтарынан бастап Қызылорда облысының прокуроры.

