
Ақылбек Құдірет
Қызылорда облыс прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Ақылбек Құдрет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Одан әрі реттілігімен Түрксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Астана қаласының авиациялық көлік прокуроры қызметтерін атқарған.
2023 жылдың мамыр – 2026 жылдың маусым аралығында Астана қаласы Нұра ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарып келген.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.
«Аға әділет кеңесшісі» сыныптық шенінде.





