Нарікбаев Нұрсұлтан Бахытжанұлы

    Руководитель аппарата

    Нарікбаев Нұрсұлтан Бахытжанұлы
    Аппарат басшысы

    Нарікбаев Нұрсұлтан Бахытжанұлы

    Руководитель аппарата

    Өмірбаян

    Нұрсұлтан Бахытжанұлы 1991 жылы 30 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Меркі ауданы әкімінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №88-Ж/Қ өкіміне сәйкес Нарікбаев Нұрсұлтан Бахытжанұлы Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері болып бастаған. 2016-2019 жылдары Меркі аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы; 2019-2021 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2021 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында аудан әкімінің бас инспекторы; 2021-2022 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2022-2023 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары; 2023-2025 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2025 жылдың сәуір-маусым айлары Меркі ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарған.

    2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері