
Өмірбаян
Мейірхан Азатұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Абай атындағы Еңбек қызыл ту ордені Қазақ педагогикалық университетін «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы тамыз айында Меркі ауданы, «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған.
1989-1997 жылдары Меркі ауданы №4 орта мектептің тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, 1997-2001 жылдары Меркі ауданы №4 орта мектептің директоры, 2001-2005 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2007-2010 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2012 жылдары Ақтоған ауылдық округінің әкімі, 2012-2014 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2014-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2021 жылдары Меркі ауданының әкімі, 2022-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Меркі ауданы әкімінің орынбасары.


