
Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қайрат Рахымбайұлы 1966 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «Мелиорация жұмыстарын механикаландыру» және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы 1984 жылы Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының «Дене тәрбиесі» кафедрасының сантехнигі болып бастаған.
1984-1985 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының «Дене тәрбиесі» кафедрасының лаборанты, 1985-1986 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының «Дене тәрбиесі» кафедрасының мастері, 1986-1988 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының әскери кафедрасының мастері, 07.1988-09.1988 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының кафедраның оқу бөлімінің мастері, 1988-1989 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының «МПС И ЭМС» кафедрасының мастері, 01.1989-04.1989 жылдары Балалар және жасөспірімдер мектебінің механигі, 1989-1991 жылдары «Автомотосервис» сауда-саттық кәсіпорнының тауартанушысы, 1991-1993 жылдары «Жеті төбе» коммерциялық өндірістік орталығы директорының орынбасары, 2011-2014 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2014-2021 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың тамыз айынан бастап Меркі ауданы әкімінің орынбасары.


