
Абуталипов Серік Махриддинұлы
Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы-полиция полковнигі.
1997 жылы Б. Момышұлы атындағы ҚР ІІМ Шымкент заң колледжін, 2010 жылы - "Тұран" университетін (Астана қ.) аяқтаған
1997-1999 жылдары Петропавл қаласы Ішкі істер бөлімінің 1-ші полиция бөлімшесінің қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілі қызметін атқарды.
1999-2005 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ патрульдік және учаскелік полиция бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2005-2010 жылдары Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ № 21 полиция бөлімшесінің бастығы және қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары және Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2013-2018 жылдары Астана қаласы ІІД Есіл ауданы ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы және жергілікті полиция қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары Қызылорда облысының ІІД-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы ПД Алматы ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болды.
2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы ПД Алматы ауданы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2022 жылдың желтоқсан айынан-Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.