
Әшімов Азамат Маратұлы
Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2004 жылы "Фемида" заң институтын бітірген.
2005 жылы Теміртау қаласындағы ҚР ІІМ училищесін аяқтады.
Ішкі істер органдарында қызметін 2005 жылы Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Көкшетау қаласы ІІБ анықтаушысы қызметінен бастады. Одан әрі қылмыстық істерді тергеуді және анықтау бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, анықтаушы және аға анықтаушы лауазымдарын атқарды.
2010-2012 жылдары – Ақмола облысы ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінде жедел әзірлемелер және арнайы іс-шаралар бөлімінің жедел уәкілі.
2012-2014 жылдары – Қостанай облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінің аға жедел уәкілі (құқық бұзушылықтарды анықтаумен және жедел ден қоюмен айналысқан).
2014-2017 жылдары Ақмола облысы ІІД ұқсас бөлімшеде қызметін жалғастырды.
2017-2018 жылдары — аға жедел уәкіл, содан кейін Көліктегі ІІД ӨҚБ жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
2018 жылы өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, сонымен бірге Ақмола облысы ІІД жедел бөлімі бастығының міндетін атқарды.
2018-2019 жылдары — Ақмола облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары.
2019-2024 жылдары — Ақмола облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы.
2024 жылдың шілде айынан – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.



