
Бек Данияр Бекетұлы
Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
Өмірбаян
Арнайы атағы — полиция полковнигі.
2001 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2010 жылы – Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Әділет органдары жүйесінде бастаған.
Әр жылдары Астана қаласы Әділет басқармасының Алматы аудандық сотының сот приставы, Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз етуге және тергеуді ұйымдастыруға байланысты ҚР Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің маманы және жетекші маманы лауазымдарын атқарды.
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.
2001 жылдан бастап құқық қорғау органдарында қызметін жалғастырды, әскери полиция офицері, тергеуші, аға тергеуші, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы бөлімшелерде жедел уәкіл лауазымын иеленді.
2005-2006 жылдары – Павлодар облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметін қадағалау басқармасының аға прокуроры.
Кейінгі жылдары Павлодар облысының Ішкі істер органдарында басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде: меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, Павлодар қаласы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, анықтау басқармасының бастығы, аудандық полиция бөлімінің бастығы.
2016-2018 жылдары Ақсу және Павлодар қалаларының Ішкі істер органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2019-2020 жылдары – Астана қаласы полиция департаменті техникалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары, сондай-ақ байланыс бөлімінің бастығы.
2020-2022 жылдары — Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы.
2022-2024 жылдары — Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылдың мамыр айынан – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.



