
Уалиев Арна Лауазұлы
«Қарабалық ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
1998 жылғы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Сайқын ауылында дүниеге келген.
2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Кейін аталған университетте оқуын жалғастырып, 2023 жылы «Құрылыс инженериясы» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2020 жылы Атырау қаласындағы «Arys Group» ЖШС-де бастаған. 2021 жылғы наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде (Ақсай қаласы) бас маман болып жұмыс істеген.
2023–2024 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде алдымен бас маман міндетін атқарушы, кейін бас маман қызметтерін атқарған.
2025 жылы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының бас маман міндетін атқарушысы, кейін бас маманы қызметін атқарған. Кейін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.
2025 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы шілде айына дейін Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тұрғын үй және қала құрылысы жобаларын іске асыру, мемлекеттік қала құрылысы кадастры және бас жоспарлар бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты) болып жұмыс істеген.
2026 жылғы 8 шілдеден бастап Қарабалық ауданы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.





