
Абилова Әйгерім Мұхамеднысанқызы
«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Абилова А.М. 1986 жылы 21 қазанда дүниеге келген, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің тумасы. Білімі жоғары. 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Тұрмыс құрған, 2 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2009 жылы Қарабалық кентінде М.Горький атындағы мектепте қазақ тілі мұғалімі лауазымынан бастаған. 2011 жылдан 2020 жылға дейін «Айналайын» және «Улыбка» бөбекжайларында тәрбиеші болып жұмыс істеген. Кейіннен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскер лауазымына ие болды. Бұл ұйымда жаңа тағайындалғанға дейін-қазақ тілі мұғалімі, кейін-басшы болып жұмыс істеді.





