Алиев Кайрат Булатович

    «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы

    Алиев Кайрат Булатович
    Руководитель

    Алиев Кайрат Булатович

    «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы

    Өмірбаян

    1998 жылғы 23 ақпанда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Боскөл ауылында дүниеге келген. 2018 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Қазақстан агротехникалық колледжін тәмамдаған. 2021 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесі берілген.

    Аталған лауазымға 2026 жылғы 9 ақпанда тағайындалған.

    Еңбек жолын 2018 жылғы 19 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маманның көмекшісі ретінде бастаған.

    2019 жылғы қаңтар айынан бастап Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не ассистент болып қабылданған.

    2020 жылғы шілде айынан бастап Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де құрылымдық бөлімшенің маманы лауазымына ауыстырылған.

    2023 жылғы шілде айынан 2026 жылғы ақпан айына дейін Қостанай облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маман болып қызмет атқарған.

    2026 жылғы ақпан айынан бастап Қостанай облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Қарабалық ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы лауазымына тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері