Рамазанов Манас Ембергенұлы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

    Рамазанов Манас Ембергенұлы
    Қызметкерлер

    Рамазанов Манас Ембергенұлы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

    Өмірбаян

    Рамазанов Манас Ембергенұлы 1968 жылғы 1 қаңтарда Жетісу облысы Көксу ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие.

    Еңбек жолын 1990 жылы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер-интерн болып бастаған.

    1991–2000 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

    2000–2001 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Хирургия» мамандығы бойынша күндізгі докторантурада білім алған.

    2001–2006 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, сондай-ақ бас ғылыми қызметкер қызметтерін атқарған.

    2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы болған.

    2007–2008 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, кейін ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

    2008–2013 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

    2013–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.

    2014–2018 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.

    2018–2026 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болған.

    2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері