
Оспанов Ербол Дүйсебайұлы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Өмірбаян
Оспанов Е.Д. 1977 жылы 16 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Степной ауылында туған, білімі жоғары.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және теміржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерін жобалау институты – «Қазтемiржолкөлiкжобалау» ААҚ-да бірінші санаттағы инженер болып бастады
2000 - 2001 жылдары «Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және теміржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерін жобалау институты – «Қазтемiржолкөлiкжобалау» ААҚ-да филиалдың жетекші инженері.
2001 - 2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де жоба басшысы.
2006 - 2007 жылдары «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да Ақпараттық жүйесін әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы.
2007 - 2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Мемлекеттік органдардың ІТ бөлімшелерін құру жөніндегі департаменті бөлімдерінің бас маманы, Мемлекеттік органдардың ИКТ-бөлімшелерінің істеуі бойынша бағдарламаның бас менеджері, Құзыреттер орталығы директорының орынбасары, Құзыреттер орталығының директоры.
2010 - 2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың басқарушы директоры.
2012 - 2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық» РМҚК бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары.
2016 - 2017 жылдары «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті.
2017 - 2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ақпараттық технологиялар жөніндегі бірінші вице-президенті, президенті.
2020 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.



