Сәлімов Жандос Нұржанұлы

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі

    Сәлімов Жандос Нұржанұлы
    Вице-министр

    Сәлімов Жандос Нұржанұлы

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі

    Өмірбаян

    Сәлімов Жандос Нұржанұлы 1980 жылы 17 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылында дүниеге келді.

    Еңбек жолын2000 жылы Орал қаласындағы «Рыскалиева Р» жеке кәсіпорнында құрылыс шебері болып бастаған.

    2002-2004 жылдары – Орал қаласындағы «Жандану» өндірістік кооперативінде құрылыс шебері.

    2004 жылы – Орал қалалық білім беру басқармасында техникалық қадағалау инженері, кейін Орал қаласының Сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы.

    2007-2008 жылдары – Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, кейін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    2009-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының Жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімінің бас маманы, Газдандыру бөлімінің басшысы.

    2011 жылы – Атырау қаласындағы «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ-да келісімшарт жөніндегі менеджері, кейін Орал қаласындағы «ҰК ӘКК «Орал» АҚ-да құрылыс жөніндегі бас менеджері.

    2013-2014 жылдары – Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы, кейін басқарма басшысының орынбасары.

    2014-2015 жылдары – «Мемсараптама» РМК-ның сараптама алдындағы жұмыстар секторының бас маманы, кейін Көкшетау қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің техникалық қадағалау секторының меңгерушісі.

    2015-2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Техникалық бақылау және мониторинг департаментінің менеджері, кейін «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің бас менеджері.

    2016-2017 жылдары – «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның Насихаттау және білім тарату департаментінің директоры, кейін Аттестаттау, кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру департаментінің директоры.

    2018 жылы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысы.

    2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының өндіріс жөніндегі міндетін атқарушы орынбасары, кейін басқарма басшысы болды.

    2020 жылы – Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

    2020-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, кейін Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері