
Абдраимов Аслан Сабазұлы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі
Өмірбаян
Абдраимов Аслан Сабазұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Бизнестегі ақпараттық жүйелер" мамандығын аяқтап, «Бакалавр академиялық дәрежесін беру арқылы Бизнестегі ақпараттық жүйелер саласындағы маман» біліктілігі берілді.
Еңбек жолын 2002-2007 жылдары «KazTransCom» АҚ-да жобаларды жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары болып бастаған.
2007-2008 жылдары – «BI-GROUP» ЖШС компаниясында құрылыс жобасының жетекшісі болып қызмет атқарды.
2008-2009 жылдары – «ҚазПошта» АҚ-да мөрді тарату және жазылу басқармасының бастығы болып жұмыс атқарды.
2009-2010 жылдары – «MAG» АҚ құрылыс-инвестициялық компаниясының ішкі аудит қызметінің басшысы болып қызмет атқарды.
2010-2016 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директор болып жұмыс істеді
2016-2017 жылдары – «KT Cloud Lab» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директор болып жұмыс істеді.
2017-2024 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.



