Гильманова Жұлдыз Сағынбайқызы
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры
Өмірбаян
1988 жылғы 7 қыркүйекте Атырау облысында дүниеге келген.
2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті Лицензиялау және РЖС тағайындау басқармасы сарапшысы лауазымынан бастаған. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, сондай-ақ Көлік министрлігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және цифрландыру салалары бойынша түрлі бағыттарға жетекшілік етіп, сарапшыдан директордың орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті.
2026 жылғы 23 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры лауазымын атқарады.





