Джолдасбекова Жанна Сухарабовна

    Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

    Джолдасбекова Жанна Сухарабовна
    Директор

    Джолдасбекова Жанна Сухарабовна

    Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1987 жылы 24 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша аяқтаған. 2019 жылы академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, экономика магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде бастады.

    Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарын атқарып, өнеркәсіпті дамыту, салааралық үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және Стратегиялық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік етті.

    2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің Салааралық үйлестіру басқармасын басқарды.

    2024 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, ал 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері