
Әміржанова Әлия Қалиақперқызы
Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директоры
Өмірбаян
1982 жылы 11 мамыр күні Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы және өндірістердегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісінің міндетін атқарушы, 2004 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Павлодар қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас маман есепшісі, 2004 жылдың қаңтар айынан бастап 2006 жылдың сәуіріне дейін «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылы Павлодар қаласы бюджетінің атқарылу процесін жинақтау және талдау бөлімінің басшысы
2007-2008 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы бойынша Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің мемлекеттік және салалық бағдарламалар бөлімінің бас маманы
2008-2009 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы бойынша Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті Көлік саясаты басқармасының бас сарапшысы
2009-2011 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы бойынша көлік-коммуникация кешенін стратегиялық жоспарлау және дамыту департаментінің стратегиялық жоспарлау және көлік саясаты бөлімінің басшысы
2011-2012 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Стратегиялық жоспарлау және логистика департаментінің стратегиялық жоспарлау және көлік саясаты басқармасының басшысы
2012-2013 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаменті директорының орынбасары
2012-2014 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті директорының орынбасары
2014 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментінің директоры
2014-2018 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары
2018 жылдың маусым айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласындағы «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі
2018-2019 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау және тәуекелдерді басқару департаменті басшысының орынбасары
2019-2021 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы
2021-2022 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы
2022-2023 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «ҚазСтандарт» РМК Стандарттау орталығы басшысының орынбасары
2023 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінің директоры болып қызмет атқарып жатыр



