Мирманова Асем Сейлжановна
"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысыныың м.а.
Өмірбаян
1986 жылғы 26 сәуірде Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Семиозерное ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Тимофеев орта мектебін бітірген.
Тұрмыста, төрт бала тәрбиелеп отыр.
2009 жылы Қостанай қаласындағы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша қаржы бакалавры дәрежесімен тәмамдаған.
2021 жылы Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры дәрежесімен тәмамдаған.
2006 жылғы 1 қаңтардан 2009 жылғы 6 қарашаға дейін Қарабалық ауданы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің жетекші маманы.
2009 жылғы 7 қарашадан 2019 жылғы 30 маусымға дейін Қарабалық ауданы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы.
2019 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімі аппаратының бухгалтері.
2022 жылғы 4 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы, бөлім басшысының міндетін атқарушы.





