
Әкім
Биболов Әбдіғаппар Әбдіқадырұлы
Иіржар ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ә.Биболов 1975 жылы қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Мақтаарал ауданы Жаңажол кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастап, бірнеше жыл тракторшы болып жұмыс істеді.
2009 жылы Мырзакент кентіндегі Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында "Трактор ісі" бөлімінің нұсқаушысы болып еңбек жолын жалғастырған.
2014 жылы Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратында білім және спорт саласы бойынша жетекші маман, 2015 жылы дәл осы мекемеде әлеуметтік сала бойынша бас маман болып бірнеше жыл еңбек етті.
2019 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мырзакент кенті әкімінің орынбасары болып, аудан орталығының гүлденуіне белсене атсалысты.





