
Өмірбаян
Бейсенбаев Мамыр 1961 жылы Мақтарал ауданы Қарақай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы «Жетісай ауыл құрылыс» тресіне қарасты «Құрылыс заттары» зауытында бас технолог болып бастап, инженер, бас инженер, зауыт директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
1998-2005 жылдары аралығында «Қуат-Жетісай құрылыс» ЖШС-де бас инженер болып еңбек етті.
2005-2018 жылдары аралығында «Оңтүстік-Жарық Транзит» ЖШС-не қарасты Мақтарал аудандық бөлімшесінде техник, инженер, жетекші инженер және Шардара ауданы электр желісі бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, 2018 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін «Мақтаарал» футбол клубы директорының орынбасары болған.





