
Өмірбаян
С.Азимов 1982 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында туылған. 2003 жылы «Сырдария» университетін информатик мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын дәл осы жылы «Махтааралземкадастр» ЖШС-де іс басқарушы болып бастайды. Осылайша түрлі жылдары Мақтаарал жер кадастр бюросында оператор, Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінде оператор, жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, 2016 жылы Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып еңбек етті.
2017 жылдың қыркүйегінде Атакент кенті әкімінің орынбасары, 2018 жылдың тамызынан бастап қазірге дейін Атакент кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып қызмет еткен.





