
Өмірбаян
Битеміров Молдабек 1964 жылы туылған. Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолында Шымкент село құрылыс трессінде монтажист, кейін шебер, Жетісай аудандық дайындау қабылдау сауда мекемесінде құрылыс инженері, Мақтаарал ауданы Үлгілі селолық округі аппаратында бас маман, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, округ әкімінің көмекшісі, округ әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.





