
Жақсылық Жанарбек Жантөреұлы
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жақсылық Жанарбек Жантөреұлы 1 қараша 1987 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2010 жылдың 11 наурызынан бастап – «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тәжірибе жинақтаушы.
2010 жылдың 9 тамызынан бастап – «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман міндетін атқарушы.
2010 жылдың 3 қарашасынан 2013 жылдың 3 шілдесіне дейін – «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2019 жылдың 24 сәуірінен 2022 жылдың 31 тамызына дейін – «Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің округ әкімі.
2022 жылдың 31 тамызынан 2024 жылдың 2 мамырына дейін – «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы.
2024 жылдың 2 мамырынан 2024 жылдың 16 қазанына дейін – «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы.
2024 жылдың 16 қазанынан 2026 жылдың 26 қаңтарына дейін – «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың 26 қаңтарынан 2026 жылдың 14 сәуіріне дейін – «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудан әкімінің көмекшісі болды.
2026 жылдың 14 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін – «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төсбелгісі (2021 жыл).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Алғыс хаты» (2022 жыл).
Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Алғыс хаты» (2022 жыл).



