
Ерубаева Гульжан Жубаевна
Алатау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ерубаева Гульжан Жубаевна, 1970 жылы 12 шілдеде дүниеге келген. Туған жері Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында 1987 жылы мектеп бітіріп, 1988 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтына түсіп, 1993 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Алматы қаласындағы №147 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеген.
1999-2002 жылдары Алматы қаласындағы «143 Е.Аронұлы атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2002-2007 жылдары Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2007-2008 жылдары Іле ауданы Байсерке ауылында №12 орта мектептің ашылуына байланысты №9 мектептің қазақ сыныптары екіге бөлініп, №12 мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
2008-2015 жылдары Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №39 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарды;
2015-2023 жылдары Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейдің;
2023-2024 жылдары Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №54 орта мектеп директоры қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 1 тамызынан бастап Алатау қаласы Білім бөлімі басшысы қызметін атқарады.



