
Еркимбаева Асел Аблеевна
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы 14 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылында дүниеге келген. 2000-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «құқық және экономика негіздерінің оқытушысы» мамандығы бойынша білім алған.
Еркимбаева Асел Аблеевна еңбек жолын 1998 жылдың 1 ақпанында «Алатау санаторийі» ЖШС-де кіші медбике лауазымында бастады. Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2006 жылдың 6 мамырында «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында бастады.
2007 жылғы 1 қазанда «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2013 жылғы 9 желтоқсан – Елтай ауылдық округінің бас маманы.
2017 жылғы 11 қараша – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2020 жылғы 9 қараша – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары.
2023 жылғы 13 маусымнан бастап «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқаруда.



