Байжунусов Эрик Абенович
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
Өмірбаян
1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.
2018 жылы Slovac Republic Danubius University университетін, 2024 жылы Czech Republic Mezinarodni Ekonomicky Institut институтын бітірген.
2018 жылы философия докторы (PhDr) ғылыми дәрежесін алған.
1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Алматы облыстық клиникалық ауруханасының травматология бөлімшесінде мейіргер болып бастаған.
1988–1998 жылдары Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, емхана бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарды.
1998–2008 жылдары денсаулық сақтау жүйесі мен мемлекеттік басқару саласында жауапты лауазымдарда еңбек етті. Әр жылдары Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу орталығында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2008–2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
2010–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.
2014–2017 жылдары Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директорының міндетін атқарушы, кейін бас директоры, сондай-ақ Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
2017–2020 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да басқарушы директор, кейін Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы мен ЕАЭО фармакопеясын жетілдіру орталығының басшысы, кейін Бас директоры – Басқарма төрағасы болды.
2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2025 жылғы 13 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы.




