
Бисарина Гаухар Манатқызы
Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы
Өмірбаян
Гаухар Манатқызы Бисарина 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы облысының Көксу аудандық ауруханасында дәрігер эпидемиолог ретінде бастады.
2007-2008 жж. Алматы облысы, Көксу ауданының орталық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы
2008-2009 жж. - Алматы облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы,
2009-2013 жж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің сарапшысы,
2013-2018 жж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының бас сарапшысы,
2018 ж.- қазіргі уақытта - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы.
