
Мұқанов Рашид Тасанұлы
Исатай ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» білім беру мекемесін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы болып бастаған.
2008-2010 жылдары Атырау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің Оңтүстік өңірі бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасында инспектор қызметін атқарған;
2011-2012 жылдары «Салтанат» ЖШС-де заңгер;
2012-2014 жылдары Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында заң кеңесшісі;
2014 жылы Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері;
2014-2016 жылдары Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік бөлімінің бас инспектор-заңгері;
2016 жылы Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік және кадр қызметі бөлімінің бас инспектор-заңгері;
2016-2017 жылдары Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік және кадр қызметі бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудиторы;
2017 жылы Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас инспектор-заңгері;
2017 жылы Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы;
2017-2020 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы;
2020-2022 жылдары Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2022 жылдың 25 шілде айынан бастап Исатай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде.


