
Утегенов Нұрберген Мұратұлы
Исатай ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша бiтiрген.
2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. “Экономика” мамандығының “Бизнес және басқару” магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы жеке өндіріс секторларында бастаған.
2009-2011 жылдары Атырау қалалық Ішкі істер басқармасында патрульдік полиция қызметкері, полиция сержанты;
2011-2016 жылдары жеке секторларда қызметте;
2017-2018 жылдары Исатай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2018 -2019 жылдары Исатай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
2019-2024 жылдарда Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 25 қыркүйек айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметінде.


