
Мусин Нұрым Бекежанұлы
Исатай ауданының әкімі
Өмірбаян
Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы Новобогат ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Исатай аудандық филиалында ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші маман;
2004 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Аққыстау селолық округінде маман, жетекші маман;
2004-2006 жылдар аралығында Исатай аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман, бас маман-қазынашы;
2006-2009 жылдар аралығында Исатай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші;
2009-2011 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімінің көмекшісі;
2011-2015 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалында кеңесші;
2016-2018 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалында менеджер-кеңесші;
2018-2022 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры;
2022 жылдың қыркүйек айынан 2023 сәуір айы аралығында «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, филиал төрағасы қызметтерін атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келді.
2023 жылдың 9 қарашасынан бастап Исатай ауданының әкімі.


