
Аймишова Бахытжамал Тлекқызы
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі
Өмірбаян
Ақтобе облыстық мәслихатының 2026жылғы30қаңтардағы№307шешімімен Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды
1983 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.
Қызметтік жолын 2003 жылы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ бюджеттің атқарылу процесін үйлестіру, талдау секторының жетекші маманы қызметінен бастады.
2004 жылғы қыркүйек айынан 2011 жылғы қыркүйекке айы аралығында бюджеттің атқарылу процесін үйлестіру, талдау секторының бас маманы, «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік аппаратының қаржыландыру бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2011 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылғы шілде айына дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сапаны бақылау бөлімдерінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың шілде айынан бастап 2026 жылғы айына дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор қызметінде болды.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы 12 қазандағы №13 шешімімен, 2016 жылғы 5 желтоқсанда №0385 мемлекеттік аудитор сертификатын алды.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.




