Нұғманов Айзат Мұратұлы

    Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Нұғманов Айзат Мұратұлы
    Төрағаның орынбасары

    Нұғманов Айзат Мұратұлы

    Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Өмірбаян

    Ақтобе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазанындағы №71 шешімімен Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

    1982 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.

    Еңбек жолын 2004 - 2005 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының №2 қалалық кеңес беру диагностикалық емханасында есепші қызметінен бастады.

    2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығы және 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

    2005-2006 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы.

    2006-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімінің жетекші маманы.

    2007-2008 жылдар аралығында Ақтөбе облысы прокуратурасының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

    2008-2012 жылдары Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы.

    2012-2015 жылдары Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-экономика бөлімінің басшысы.

    2015 жылы 3 ай құрылыс саласында жеке серіктестікте экономист қызметін атқарды.

    2016-2017 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында инспектор және Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы.

    2017-2020 жылдары Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы жоспарлау, сараптамалық талдау және ақпараттық бөлімінің жетекші маманы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы, бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы лауазымдарында жұмыс жасады.

    2020-2023 жылдары Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №3 шешімімен, 2017 жылғы 15 желтоқсанда №1411 мемлекеттік аудитор сертификатын және 2021 жылы қаңтар айында бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілігі бар CIPFA сертификатын алды.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері