
Еспаев Ерлан Мұрзабекұлы
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі
Өмірбаян
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы №130 шешімімен Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.
1981 жылы Астана қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.
С.Баишев атындағы Ақтөбе университетін (экономист-қаржыгер),
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі),
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін (аудит және консалтинг саласындағы Executive MBA магистрі) бітірді.
Indiana University қоғамдық ғылымдар мектебінде (АҚШ), Түркияның (Стамбулқ.) және Қытайдың (Пекинқ.) жоғары мемлекеттік аудит органдарында тиімділік аудиті мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті.
Жоғары санатты мемлекеттік аудиторі
Мемлекеттік аудитордың халықаралық (CIPFA Public Auditor, CIPFA IPSAS, АССА International Auditing, Ұлыбритания) біліктілік сертификаттарының иегері.
Eңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау департаментінде бас маман-бас аудитор болып бастады.
2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында оқыды.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің қаржы және қаржылық бақылау құрылымдық бөлімшелерінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс жасады.
2009 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудит, әдістеме және халықаралық ынтымақтастық, бөлімдерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады.
«Қаржы сақшысы» медалімен, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» төсбелгілерімен және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.




