
Сағын Қадыржан Ерсайынұлы
БҚО ПД бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы — полиция полковнигі.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң колледжін, 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1998–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң колледжінің тыңдаушысы.
2000–2003 жылдары – Орал қаласы ІІО медициналық айықтырғышының взвод командирі.
2003–2004 жылдары – Орал қаласы ІІО тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің инспекторы.
2004–2010 жылдары – Орал қаласы ІІО кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы.
2010–2011 жылдары – ІІД Кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекциясының аға инспекторы.
2011–2013 жылдары – ІІД Кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекциясының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы.
2013–2021 жылдары – Батыс Қазақстан облысы ПД Бөрлі ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары.
2021–2026 жылдары – ҚР ІІМ Батыс Қазақстан облысы ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы.
2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Батыс Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары.





