
Оразалиев Арман Молдиярұлы
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі
1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын, ал 2006 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясын бітірген.
2017 жылы «Айбын» орденінің ІІ дәрежесімен (Ерлік) және 2023 жылы С. Нұрмағамбетов атындағы «Айбын» орденінің І дәрежесімен марапатталған.
1999–2005 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ұйымдасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес бөлімдерінің бастығы.
2006–2007 жылдары — ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы полиция басқармасының бастығы.
2007–2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары.
2009–2010 жылдары — Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары.
2010–2011 жылдары — Павлодар облысы бойынша ішкі істер департаментінің бастығы.
2011–2018 жылдары — ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасының орынбасары.
2018–2020 жылдары — Жамбыл облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы.
2022–2023 жылдары — ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.
2023 жылғы мамырдан бастап — Батыс Қазақстан облысын Полиция департаментінің бастығы.





