Серіков Абылайхан Серікұлы

    БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары

    Серіков Абылайхан Серікұлы
    Первый заместитель начальника

    Серіков Абылайхан Серікұлы

    БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Арнайы атағы — полиция полковнигі.

    1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжін, 2003 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, 2009 жылы Б. С. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген.

    1997–1999 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжінің курсанты.

    1999–2002 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІБ Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы.

    2002–2005 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІБ Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция тобының жедел уәкілі.

    2005–2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция тобының жедел уәкілі-маман.

    2006–2008 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

    2008–2009 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының магистратура бөлімінің магистранты.

    2009–2011 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

    2011–2013 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

    2013–2017 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

    2017–2018 жылдары — Батыс Қазақстан облысы ІІД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

    2018–2019 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

    2019–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

    2025 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасы ІІМ Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері