
Құспанов Серік Мақсұтұлы
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Күзет қызметінің субъектілерін бақылау басқармасының бастығы
Өмірбаян
Арнаулы атағы – полиция полковнигі
Білімі – жоғары. 2001 жылы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітірген, 2006 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.
Қызметтік жетістіктері үшін ІІМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.
1997-2001 жылдары – ІІМ Қарағанды заң институтының тыңдаушысы.
2001 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін – Батыс Қазақстан облысы ІІД тергеу-жедел бөліністерінің әртүрлі лауазымдарында ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
2007 жылғы қаңтардан 2014 жылғы қарашаға дейін – Батыс Қазақстан облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
2014 жылғы қарашадан 2020 жылғы желтоқсанға дейін – ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөліністеріндегі қызметі.
2021 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қаңтарға дейін – ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті Басқарма бастығының орынбасары.
2026 жылғы ақпан айынан – ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Күзет қызметі субъектілерін бақылау басқармасының бастығы.


