
Унарбеков Ренат Қанатұлы
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Арнаулы атағы – полиция полковнигі
Білімі – жоғары, 1997 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2001 жылы Орталық Азия университетін бітірген.
Қызметтік жетістіктері үшін ІІМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек қызметін
1999 жылы ІІМ Училищесінде тыңдаушы болып бастаған.
1999 – 2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарында болған.
2014 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы.
2016 жылдың қазан айынан бастап Көліктегі ІІД бастығының орынбасары.
2019 жылдың қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылдың сәуір айынан бастап ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін - ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.