
Унарбеков Ренат Қанатұлы
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Арнаулы атағы – полиция полковнигі.
1997 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2001 жылы – Орталық Азия университетін бітірген.
I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері. Қызметтік жетістіктері үшін ІІМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы Шығыс Қазақстан облысы ҚІІБ Зырян ауданының ІІБ-де тергеуші лауазымынан бастаған.
2001 жылғы желтоқсаннан 2004 жылғы қыркүйекке дейін инспекторлық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.
2004 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қазанға дейін Шығыс Қазақстан облысы ІІБ бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары басшылық лауазымдарында қызмет өткерген.
2012 жылғы қазаннан 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық аппаратында.
2014 жылғы қарашадан 2016 жылғы қазанға дейін Павлодар облысы ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы.
2016 жылғы қазаннан 2019 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД бастығының орынбасары.
2019 жылғы қарашадан 2024 жылғы сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

