Молдаханов Дархан Маханұлы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы

    Молдаханов Дархан Маханұлы
    Комитет Төрағасы

    Молдаханов Дархан Маханұлы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция полковнигі

    1994 жылы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін, 2003 жылы – ҚР ІІМ Академиясын, 2016 жылы «Қайнар» академиясын және 2026 жылы – Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін тәмамдаған. Магистр дәрежесіне ие

    II дәрежелі «Айбын» орденімен (2025), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2019), «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» (2019), I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған

    1994-1995 жылдары – Түркістан ауданының мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы.

    1995-1996 жылдары – ҚР ІІМ МКҚБ Үкіметтік мекемелер мен Дипломатиялық өкілдіктерді күзету милиция полкінің инспекторы.

    1996-1997 жылдары – ҚР ІІМ МКҚБ Үкіметтік мекемелер мен Дипломатиялық өкілдіктерді күзету милиция полкінің взвод командирі.

    1997-2001 жылдары – Алматы қаласы ІІББ МКҚБ Үкіметтік мекемелер мен Дипломатиялық өкілдіктерді күзету полиция полкі батальон командирінің орынбасары.

    2001-2009 жылдары – ҚР ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің батальон командирі.

    2009-2015 жылдары – Алматы қаласы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.

    2015-2019 жылдары – ҚР ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі.

    2019-2020 жылдары – ҚР ІІМ «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Нұр-Сұлтан қ.)» мемлекеттік мекемесінің бастығы.

    2020-2026 жылдары – ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау Департаментінің бастығы.

    2026 жылдың ақпан айынан – ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау Комитетінің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері