
Турсунбаев Галым Султанович
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі департаментінің басшысы
Өмірбаян
Білімі:
1987-1993 ж.ж. Қазақ химия технологиялық институтында оқып «инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша «үздік» аяқтады.
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Ұлттық Жоғары Мектебінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алды.
2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алды.
2020-2023 жылдары Бүкілресейлік Мемлекеттік Заң Университетін заңгер мамандығы бойынша магистратурасында оқып, оны «үздік» дипломмен аяқтады.
Жұмыс барысында «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының мерекелік медалдарымен, түрлі министрліктермен ведомствалардың медалдарі, төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен және Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының құрмет грамоталарымен мараппатталған.
Үйленген, 3 ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туылған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шымкент қаласының 21 партсъезд атындағы совхозда жұмысшы болып бастады. 1988-89 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1987 жылы Қазақ химия технологиялық институна түсіп, 1993 жылы жоғары оқу орнын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша «үздік» дипломмен аяқтап, «Сымбат» кіші кәсіпорнында жұмысқа кірді. Сол 1993 жылдың қараша айында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің жастар ісі, спорт және саяхат жөнінде басқармасында маман, бас маман қызметтерін атқарды. 1994-95 жылдар аралығында «Гипсолит» құрылыс кооперативінде мастер болып жұмыс істеді. 1995-97 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар ісі, спорт және саяхат департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Ұлттық Жоғары Мектебіне түсіп, оны 1998 жылы аяқтағаныннан кейін 1998-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау Агенттігінде бас маман, Оңтүстік Қазақстан облысының стратегиялық жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, облыстық мемлекеттік қызмет департаментінде бөлім бастығы, Шымкент қаласы аппаратының қадағалау және мемлекеттік қызмет секторының меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2000-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары лауазымында, 2005-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында департамент бастығы – Тәртіптік кеңес төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2023-2025 жылдар аралығында «QazaqGaz Onimdery» компаниясының Қызылорда облысы бойынша өндірістік филиалының директоры лауазымында, 2025-2026 жылдары «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның Оңтүстік аймағы басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.
2000-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары лауазымында, 2005-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында департамент бастығы – Тәртіптік кеңес төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2023-2025 жылдар аралығында «QazaqGaz Onimdery» компаниясының Қызылорда облысы бойынша өндірістік филиалының директоры лауазымында, 2025-2026 жылдары «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның Оңтүстік аймағы басшысы лауазымында қызмет атқарды.