Ашимов Бекзат Ергалиевич

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Департамент басшысының орынбасары

    Ашимов Бекзат Ергалиевич
    Басшының орынбасары

    Ашимов Бекзат Ергалиевич

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Департамент басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1986 жылғы 20 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылында дүниеге келді.
    2010 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолымды 2009 жылғы 1 тамызда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем станциясы» МКҚК №6 подстанциясында санитар қызметінен бастады.

    2012–2013 жылдары Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аудандық ауруханасына қарасты Береке медициналық пунктінде жалпы практикалық дәрігер, 2013–2015 жылдары Балқаш аудандық ауруханасында жалпы практикалық дәрігер, 2015–2017 жылдары Балқаш аудандық орталық ауруханасында дәрігер-отоларинголог қызметтерін атқарды.

    2017 жылғы сәуір–шілде айларында Алматы қаласындағы №14 қалалық емханада дәрігер-отоларинголог болып жұмыс істедім. 2017–2019 жылдары Балқаш аудандық орталық ауруханасында дәрігер-отоларинголог қызметін атқарды.

    2019 жылғы маусым–шілде айларында Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің №10 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы қазанға дейін аталған бөлімде бас маман болып қызмет атқарды.

    2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы наурызға дейін Балқаш аудандық орталық ауруханасында трансфузиолог дәрігер болып жұмыс істеді.

    2021 жылғы сәуірден 2024 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2024 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері