Хасенов Арман Аманжолұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Хасенов Арман Аманжолұлы
    Заместитель Председателя

    Хасенов Арман Аманжолұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Хасенов Арман Аманжолұлы 1978 жылы 14 тамызда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, экономика және заң. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының магистрі (Орталық Қазақстан академиясы, 2021 жыл).

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етті (2001-2002 жж.).

    Аға әділет кеңесшісі.

    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

    1999-2003 жылдар аралығында Астана қаласының салық органдарында жұмыс істеді.

    2003-2009 жылдар аралығында Павлодар облысының прокуратурасында түрлі лауазымда қызмет атқарды.

    2009-2012 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде басшылық лауазымдарды атқарды.

    2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тергеу департаментінің бірінші басқармасын басқарды.

    2014-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында және Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында түрлі лауазымда қызмет атқарды.

    2021-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұйымдастыру-бақылау департаментінің (Штаб) басшысы, Аппарат басшысы лауазымдарын атқарды.

    2026 жылғы ақпандап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері