Дүйсембеков Азамат Нұрланұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Дүйсембеков Азамат Нұрланұлы
    Заместитель Председателя

    Дүйсембеков Азамат Нұрланұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Дүйсембеков Азамат Нұрланұлы 1980 жылы 17 наурызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

    Новосибирск қаласындағы физика-математика мектебін, Новосибирск мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын бітірген.

    Аға әділет кеңесшісі

    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

    Үйленген, үш баласы бар.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады.

    2005-2009 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Астана қаласы прокуратура органдарында және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2009-2018 жылдар аралығында Қарағанды облысы прокуратурасы басқармасының бастығынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысына дейін – орталық аппараттың бейінді департаменттерінде басшылық лауазымдарды кезең-кезеңімен атқарды.

    2018–2019 жылдары – Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары.

    2019 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарып, Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі лауазымдарын дәйекті түрде атқарды.

    2025-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды.

    2026 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері