
Мырқасымов Алдан Құрманбайұлы
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Өмірбаян
1979 жылғы 26 қыркүйекте Алматы облысы Райымбек ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі: 2000 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, экономист.
Еңбек қызметі:
2004 ж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің маманы — салық инспекторы міндетін атқарушы;
2004-2006 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің маманы — салық инспекторы;
2006-2008 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2008-2010 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы — бас салық инспекторы;
2010-2011 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы;
2011-2013 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығының бастығы;
2013-2014 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы;
2014 ж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2014-2015 жж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2015 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының №3 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы;
2015-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының №3 камералдық бақылау бөлімінің басшысы;
2018 ж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жж. – уақытша жұмыс істемеді;
2019 ж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы;
2019-2021 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2021 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2021-2022 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2022-2023 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2023-2026 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.





